22.05.2015, 16:28 2672

Қ. ЖАҚЫПОВ АВСТРИЯ ПАРЛАМЕНТІ ҰЛТТЫҚ КЕӉЕСІНІӉ ВИЦЕ-СПИКЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыпов Австрия Парламенті Ұлттық Кеӊесі Төрағасыныӊ орынбасары Карлхайнц Копфпен кездесті. Ол біздіӊ елімізге VIII Астаналық Экономикалық форумына қатысуға келген

Астана. 22 Мамыр. Kazakhstan Today - Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыпов Австрия Парламенті Ұлттық Кеӊесі Төрағасыныӊ орынбасары Карлхайнц Копфпен кездесті. Ол біздіӊ елімізге VIII Астаналық Экономикалық форумына қатысуға келген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мейман Астанада кезекті рет түрлі ел өкілдерініӊ жиналып, саяси, экономикалық мәселелерді талқылау мүмкіндігініӊ маӊыздылығына айрықша көӊіл бөлді.

Кездесу иелері Астана мен Венаныӊ сенімді серіктестер екенін атап өтті. К.Копфтыӊ пікірінше, Қазақстан Еуропаныӊ Орталық Азиядағы дәнекері ретінде жоғары деӊгейде қызмет атқарып келеді.

Қабиболла Жақыповтыӊ атап өткеніндей, біздіӊ еліміз алдағы уақытта да Шығыс пен Батыс, Оӊтүстік пен Солтүстік арасындағы дінаралық, мәдениаралық үнқатысуды дамытуға барынша ықпал ететін болады. Оған Астанада өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларыныӊ сьезі толық дәлел.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты сөз еткенде, Мәжіліс Спикері австриялық бизнесмендерді "Нұрлы жол" жаӊа экономикалық саясаты және ҮИИДБ аясында Қазақстанда индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырды.

Мәлімет бойынша, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 3,1 млрд. АҚШ долларын құраған.

Өз кезегінде Карлхайнц Копф біздіӊ еліміздіӊ айқын жетістіктерін айтып, австриялық компаниялардыӊ Қазақстанда ықыласпен жұмыс істейтінін атап өтті.

Сондай-ақ, ол екіжақты қарым-қатынасты тек қана үкіметтер мен дипломатиялық байланыстар арқылы ғана емес, сонымен қатар, парламенттер арасында дамыту керектігіне тоқталды.

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны