25.05.2015, 15:28 3955

Қабибола Жақыпов Венесуэланыӊ Қазахстандағы елшісімен кездесті

Қ.Жақыпов мейманға елімізде өткен Президент сайлауы туралы, Мәжілістіӊ заӊ шығармашалық қызметі жайында әӊгімелеп берді. Исіресе, парламентшілердіӊ Елбасыныӊ 5 институционалды реформасын заӊнамалық қолдау жолында атқарып жатқан жұмыстарына баса көӊіл бөлді.

Астана. 25 Мамыр. Kazakhstan Today - Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Венесуэланыӊ Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Аменотеп Замбрано Контраресті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Елшіні қызметімен құттықтаған Мәжіліс Спикері Венесуэла - Қазақстанныӊ Латын Америкадағы келешегі зор әріптестердіӊ бірі екенін атап өтті.

Қ.Жақыпов мейманға елімізде өткен Президент сайлауы туралы, Мәжілістіӊ заӊ шығармашалық қызметі жайында әӊгімелеп берді. Исіресе, парламентшілердіӊ Елбасыныӊ 5 институционалды реформасын заӊнамалық қолдау жолында атқарып жатқан жұмыстарына баса көӊіл бөлді.

А. Замбрано Контрарес қазақстандықтарды Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ басым жеӊісімен құттықтады.

Елші екіжақты ынтымақтастықты дамыту жайын сөз еткенде, Венесуэланыӊ біздіӊ еліміздіӊ түрлі саладағы, соныӊ ішінде, заӊнамалық қызметтегі тәжірибесіне деген қызығушылығын білдірді.

А. Замбрано Контрарес қазақстандық депутаттарды осы жылы Венесуэлада өтетін парламенттік сайлауға бақылаушы ретінде келуге шақырды.

Осы ретте елші Мәжіліс Төрағасына парламентаралық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін атап өтті. Кездесу иелерініӊ пікірінше, бірлескен жұмыс қос мемлекет халықтарыныӊ игілігін арттыруға ықпал етеді.

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны