20.05.2015, 19:53 3544

ҚАБИБОЛЛА ЖАҚЫПОВ НИДЕРЛАНДЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Нидерланды Корольдығында іс-сапармен жүрген Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Корольдықтыӊ премьер-министрі Марк Рюттемен кездесті

Астана. 20 Мамыр. Kazakhstan Today - Нидерланды Корольдығында іс-сапармен жүрген Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Корольдықтыӊ премьер-министрі Марк Рюттемен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жүздесудегі әӊгіменіӊ басты тақырыбы - БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесіне Қазақстанныӊ кандидатурасын 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелікке ұсыну болды.

Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Президентініӊ Арнайы Елшісі ретінде Марк Рюттеге Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесіне еліміздіӊ кандидатурасын 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшелікке ұсынғанда қолдау білдіруін өтінген хатын табыстады.

Сондай-ақ, Қ.Жақыпов БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ құрамына елімізді алған жағдайда, Қазақстан қазіргі таӊда өзекті болып отырған мәселелердіӊ шешімін табуға күш салатынын атап өтті. Сонымен бірге азық-түлік, су және энергетикалық қауіпсіздік пен ядролық таратпау мәселелерінде басымдық болатыны ескерілді.

Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі таратты

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны