20.05.2016, 17:07 4354

"KADEX-2016" көрмесінде әскери мақсаттағы отандық және шетелдік тауар өндірушілер арасында нәтижелі ынтымақтастық күтілуде

Төртінші халықаралық "KADEX-2016" қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі - бұл бірінші кезекте озық қару-жарақ пен техниканыӊ жеткізілуі мен шығарылуына көп миллионды келісімшарттар жасалатын іскерлік алаӊы. Қазақстанныӊ Қарулы Күштері шет елдерініӊ жетекші қорғаныс кәсіпорындарымен тұтас біртқатар құжаттардыӊ қол қойылуына үміттеніп отыр

Астана. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Төртінші халықаралық "KADEX-2016" қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі - бұл бірінші кезекте озық қару-жарақ пен техниканыӊ жеткізілуі мен шығарылуына көп миллионды келісімшарттар жасалатын іскерлік алаӊы. Қазақстанныӊ Қарулы Күштері шет елдерініӊ жетекші қорғаныс кәсіпорындарымен тұтас біртқатар құжаттардыӊ қол қойылуына үміттеніп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Биылғы жылы "KADEX-2016" көрмесінде 35 елден 200-ден аса шетелдік компания қатысатынын айта кеткен жөн, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

ТМД елдері "KADEX-2016" халықаралық көрмесіне белсенді түрде өздерініӊ қызығушылықтарын білдірді. Беларусь Республикасыныӊ "Пеленг" ААҚ компаниясы броньды техникаға арналған оптика-электрондық приборлар мен көздеуіш кешендерін, сондай-ақ бірқатар аэроғарыштық фотоаппаратураларды, криминалистикалық және метеорологиялық жабдықты ұсынады.

Искери техниканыӊ ауқымды сұлбаларын Ресей Федерациясы ұсынады. Көрмеге қатысушылардыӊ бірі "Орал вагон зауыт" "Ғылыми-өндірістік корпорациясы" АҚ болып табылады. Көрме шеӊберінде зауыт қашықтықтан басқарылатын әмбебап жауынгерлік модульмен жабдықталған "Армада" шынжыртабанды тұғырда жаяу әскердіӊ ұрыс машинасын көрсетеді. Зауыт броньды машиналарыныӊ ерекшелігі жауынгерлік жағдайда экипажды қорғап тұратын корпустардыӊ минаға қарсы конструкциясы. Сонымен қатар ресейлік "МиГ" ұшақ құрастыру корпорациясы МиГ-29К, МиГ-29КУБ, МиГ-29М/М2 көп функционалдық жойғыштарды ұсынады. Зауыт жауынгерлік тікұшақтарды жобалауды, өндіру мен техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.

Украиналық компаниялар да бірнеше стендттерді алды. "АНТОНОВ" МК - көліктік, өӊірлік жолаушылар ұшағы мен арнайы мақсаттағы ұшақтарды құру бойынша жетекші кәсіпорындардыӊ бірі. "KADEX-2016" көрмесінде "АНТОНОВ" әртүрлі мақсаттағы Ан-148 және Ан-158 өӊірлік ұшақтарды, Ан-178 және Ан-132 жаӊа көліктік ұшақтарды ұсынады.

"KADEX-2016" көрмесі еліміздіӊ қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамытуға, Қазақстан Қарулы Күштерініӊ қорғаныс әлеуетін қамтамасыз ету мен өрістетуге бағытталған әскери мақсаттағы отандық және шетелдік тауар өндірушілерге нәтижелі бірлескен жұмыс әкеледі деп жоспарлануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны