08.05.2015, 21:33 4024

Каирде Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына орай фотокөрме ашылды

Мысыр Араб Республикасыныӊ Мәдениет министрлігініӊ қолдауымен Қазақстанныӊ Каирдегі Елшілігі Армения, Изірбайжан, Беларусь, Ресей, Өзбекістан және Тәжікстан елшіліктерімен бірлесе отырып, Мысыр халықаралық мәдени ынтымақтастық орталығында Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына орай фотокөрменіӊ салтанатты ашылуы өткізілді

Каир. 08 Мамыр. Kazakhstan Today - Мысыр Араб Республикасыныӊ Мәдениет министрлігініӊ қолдауымен Қазақстанныӊ Каирдегі Елшілігі Армения, Изірбайжан, Беларусь, Ресей, Өзбекістан және Тәжікстан елшіліктерімен бірлесе отырып, Мысыр халықаралық мәдени ынтымақтастық орталығында Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына орай фотокөрменіӊ салтанатты ашылуы өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оған мысырлық мемлекеттік органдардыӊ жоғары лауазымды тұлғалары, қоғамдық, саяси және мәдени қайраткерлер, Каирде тіркелген шет мемлекеттердіӊ дипломатиялық миссияларыныӊ басшылары мен қызметкерлері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Ашылу салтанатында МАР Сыртқы істер министрініӊ орынбасары Ясер Мурад және аталған ТМД елшілері құттықтау сөздерін сөйледі. Еліміздіӊ Мысырдағы Елшісі Берік Арын қатысушыларды осы маӊызды күнімен құттықтай отырып, жер жүзіндегі бейбітшілікті қалпына келтіру үшін Қазақстанныӊ фашизмді жеӊуде қосқан үлесін атап өтті. "Біз бүгінгі қуанышқа толы бейбіт ашық аспанымыз үшін өмірлерін қиып, денсаулықтарын сарп еткен бабаларымыздыӊ ерлігін мақтанышпен еске түсіреміз", - деп атап өтті Елші.

Фотокөрме келушілерді бостандық үшін күрескен адамдардыӊ ұлы қаһармандығы мен ерліктеріне толы Ұлы Отан соғысы тарихымен, сондай-ақ фашизмді жоюдағы қиын кезеӊдерімен танысуға мүмкіндік береді. Экспозиция негізіне бұрынғы КСРО елдерініӊ Кеӊес Одағын және Еуропа мемлекеттерін фашистік басқыншылардан азат етудегі рөлі, антигитлерлік коалицияны құру және соғыс жылдарында одақтастардыӊ өзара іс-қимылдарына қатысты аталмыш елшіліктер дайындаған фотоматериалдар кірді. Тақырыптық фотокөрме 2015 жылғы 6-13 мамыр аралығында барлық қалаушылар үшін жұмыс істейтін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны