05.09.2017, 21:45 4534

Қарағанды облысы ЭКСПО-2017 көрмесінде аймақтыӊ инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

Республика экономикасында Қарағанды облысыныӊ үлесі шамамен 10%-ды құрайды. Жалпы аймақтық өнім 3,7 трлн теӊге, адам басына - 2,7 млн теӊге. Еӊбек тиімділігі - 65 мыӊ АҚШ доллары, ол еліміздегі еӊ жоғарғы көрсеткіштердіӊ бірі.

Көкшетау. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астанада Қарағанды облысыныӊ күндері басталды. "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясыныӊ алаӊында бүгін аймағымыздыӊ инвестициялық әлеуеті таныстырылды.

Іскерлік кездесуге шет елдік елшіліктердіӊ, өндірістік кәсіпорындардыӊ өкілдері және инвесторлар қатысты,- деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

- Кездесудіӊ негізгі мақсаты - біздіӊ аймағымыздыӊ әлеуетін көпшілікке таныстыру. Біз шет елдік инвесторларды жұмылдыруда бәсекелесеміз. Қарағанды облысында бірқатар артықшылықтар бар, оныӊ ішінде географиялық орналасуы бойынша да басымдылыққа иеміз. Бұл кездесуге басым салалардыӊ шамамен 70-ке жуық жобаларын іріктеп алып келдік. Ол - металлургия, химия және фармацевтика, машина құрастыру, агроөнеркәсіп кешені және тағы да басқалары, - деп мәлімдеді облыс әкімініӊ орынбасары Алмас Айдаров.

Өзініӊ баяндамасында ол аймақтыӊ инвестициялық тартымдылығына нақты тоқтала кетті.

- Біздіӊ мақсатымыз - жобаларды тұрақтандыру, жер телімдерін беру, қосылу шарттарын қамтамасыз ету. Бизнесте пайда болатын осы секілді мәселелерді шешу. Жобаларды басынан бастап, іске қосылғанша сүйемелдейміз, - деді облыс әкімініӊ орынбасары.

Республика экономикасында Қарағанды облысыныӊ үлесі шамамен 10%-ды құрайды. Жалпы аймақтық өнім 3,7 трлн теӊге, адам басына - 2,7 млн теӊге. Еӊбек тиімділігі - 65 мыӊ АҚШ доллары, ол еліміздегі еӊ жоғарғы көрсеткіштердіӊ бірі.

Облысымызда минералды-шикізат әлеуеті бар екені айтылды жиналыс барысында. Бүгінгі таӊда қатты пайдалы қазбалар 758 млрд. АҚШ доллары сомасына барланған. Аймақ инвесторларға 48 бос кен орындарын ұсынуға дайын. Қазіргі күні облысымыздыӊ жер қойнауы байлығыныӊ тек 25%-ы ғана пайдаланылады.

- "Сарыарқа" ЕЭА-да 270 бос учаскілерін инвесторларға беруге дайынбыз. Бір ай аралығында жер учаскілерін рәсімдейміз, - деп Алмас Айдаров әлеуетті инвесторларға тағы бір өсу нүктесін ұсынды.

Таныстыру барысында сонымен қатар қарағандылықтар аймақтағы шағын және орта бизнес мүмкіндіктері, агроөнеркәсіп секторын дамыту туралы тоқтала кетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны