19.06.2014, 20:02 2942

Қарағанды облысы өңірді дамыту бойынша белсенді жұмыс атқаруда

Ауылдағы білім саласын дамыту, мәдениет, тұрғын үй және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, жол құрылысы мәселелері Бауыржан Ибдішевтің Жаңаарқа ауданына жұмыс сапары барысында басты назарында болды.

Алматы. 19 маусым. Kazakhstan today. Ауылдағы білім саласын дамыту, мәдениет, тұрғын үй және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, жол құрылысы мәселелері Бауыржан Ибдішевтің Жаңаарқа ауданына жұмыс сапары барысында басты назарында болды.

Айта кететін жайт, аймақта осы бағытта қарқынды жұмыстар арқарылып жатыр. Оған дәлел - 1679 тұрғыны бар Қызылжар ауылы, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жергілікті орта мектепте сапалы білім беру қызметі көрсетілген. Бұл мектепте 264 оқушы білім алады. Дайындық дәрісінде 39 бала оқыса, 25-і шағын орталықта тәрбиеленуде. 105 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Мектептің 19 кабинеті бар. Былтырғы жылы республика бюджетінен қаржы бөлініп, химия кабинеті ашылса, аудан бюджетінен биология кабинетіне іске асты. "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстарына 21,4 млн. теңге бөлінсе, сонымен қатар облыс әкімі мен "ENRC Kazakhstan" корпорациясы арасында меморандум арқылы 8 млн. теңге тұратын дербес жылу қазандығы ауыстырылды.

Дәл осы ауылда жалпы аумағы 400 шаршы метр болатын 5 пәтерлі тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, ауданның бюджетіне ауылішілік жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның жалпы құны 10 млн. теңгені құрайды. Жұмыстар маусымның соңына дейін аяқталады.

Ақтау ауылының тұрғындарын су құбырымен қамтамасыз етеді. Қазір ол жерде 8,7 шақырымға созылған су құбыры тартылмақ. Оның құны 163, 3 млн. теңге (республика және облыс бюджетінен). Ауыз су 358 текше метрлік екі құбырдан тартылатын болады. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айынан басталып, тапсыру мерзімі - қыркүйекте аяқталмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны