31.10.2007, 10:50 4978

Қарағанды облысында әділет департаменті "Контрафакт" іс-шарасын жүргізуде

Қарағанды облысында әділет департаменті "Контрафакт" іс-шарасын жүргізуде

Қарағанды. 31-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында әділет департаменті 28-қазан мен 28-қараша аралығында "Контрафакт" іс-шарасын жүргізуде. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық әділет департаментінің интеллектуалдық меншік құқығы жөніндегі бөлімнен хабарлады.

Мекеменің ақпараттарына сүйенсек, іс-шара барысында әділет департаменті құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесе отырып контрафакт аудиобейне өнімдерді, компьютерлік бағдарламаларды , тауар белгілерін сату дерегінің жолын кесу үшін рейдтік тексерулер жүргізеді.

Жұмыс тобының бірінші рейді нәтижесінде Қарағандының орталық базарының аумағынан 1365 дана контрафакт аудиобейне өнімдер тәркіленген, деп хабарлады интеллектуалдық меншік құқығы жөніндегі бөлімдегілер.

Облыстың әділет департаменті қараша айында Қазақстан Республикасының Ұлттық интеллектуалдық меншік институты өкілдерінің, тауар белгілерінің құқық иеленушілерінің, патенттік өкілдердің, өз қызметінде тауар белгілері бар тауарларды, белгілі өндірушілердің сауда маркаларын пайдаланатын кәсіпкерлердің қатысуымен өнеркәсіптік меншік құқығын сақтау мәселесі жөніндегі семинар өткізуді жоспарлаған.

Облыстың әділет департаментінің хабарлауынша, науқан 16-қарашада мүдделі органдардың, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен контрафакт өнімдерді жұртшылық алдында жою акциясымен аяқталады.

Интеллектуалдық меншік құқығы жөніндегі бөлімдегілердің хабарлауынша, іс-шараның негізгі мақсаты интеллектуалдық меншік саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, халық арасында құқықтық білімді насихаттау, интеллектуалдық меншік нысандарын заңсыз пайдаланумен күресте мүдделі мемлекеттік органдар арасында өзара ықпалдастықты нығайту болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны