09.06.2014, 22:20 2849

Қарағанды облысында "Ийелдер кәсіпкерлігі" мамандығы енуі мүмкін

Шағын және орта кәсіпкерлік саласына жас әйелдерді тарту үшін "Нұр Отан" партиясының Қарағанды облыстық бөлімшесінде "Күшті бизнес - күшті мемлекет" жобасы аясында ЖОО-да "Ийелдер кәсіпкерлігі" пәнін енгізу ұсынылды.

Алматы. 9 маусым. Kazakhstan today. Шағын және орта кәсіпкерлік саласына жас әйелдерді тарту үшін "Нұр Отан" партиясының Қарағанды облыстық бөлімшесінде "Күшті бизнес - күшті мемлекет" жобасы аясында ЖОО-да "Ийелдер кәсіпкерлігі" пәнін енгізу ұсынылды.

Бұл ұсыныс "Өз бизенсіңді баста" семинары барысында айтылды. Оны ұйымдастырған "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры" АҚ, деп хабарлайды "Нұр Отан" партиясының ресми сайты.

"Ийелдер елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын қандай бағдарламалардың бар екенін білмейді. Өз ЖШС-ні ашу жолы мен ең төменгі банктік үстеме ақымен қалай несие алу қажеттілігінен хабарсыз", - дейді "Нұр Отан" партиясының облыстық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова.

Дебат барысында партия мүшелері, әкімдік өкілдері мен шараға келген әйелдер кәсіпкерлігі дисциплинасын сынақ түрінде ЖОО-да енгізу туралы министрлік деңгейінде қолға алу қажеттілігі жайлы ортақ пікірге тоқтады.

Өз кезегінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Инуар Ахметжанов әйелдер кәсіпкерлігін дамыту туралы ЖОО-да лекция енгізу мен министрліктерде келісім алу процесін жеделдетуге уәде берді.

"Уақыт жоғалтпау керек. Аз ғана уақыттың ішінде мұны қолға аламыз. Қандай да оқыту құралдары мен оқулықтар дайындаудың қажеті жоқ. Өз ісін ашу мен оны ары қарай дөңгелетіп әкетудің барлық кезеңі мемлекеттік бағдарлама мақсаттарында көрсетілген. Лекторлар мен оқытушылардан мәселе туындамайды. "Даму" қорында білікті сарапшылар мен аналитиктер бар. Олар студенттерге кәсіпкерлік ашудың қыр-сырын үйретеді", - дейді И.Ахметжанов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны