03.05.2007, 14:37 2801

Қарағанды облысында бұрын сотты болған әйелден героин тәркіленді

АСТАНА. 3 - мамыр. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында бұрын сотты болған әйелден героин тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінен хабарлады.

"Темірту қаласының ішкі істер басқармасының есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерелері алдын - ала түскен ақпарат бойынша Алматы - Екетеринбург тасжолында такси жүргізушісі басқарған "Ауди" көлігін тоқтатқан",- деп түсіндірді комиеттегілер. Полицейлер иісшіл иттің көліктің жүк салғышынан жалпы салмағы 680 грамм героин салынған жол сөмкесін тапқандығын айтып өтті.

Есірткі бизнесімен күрес комитетінің ақпараттарына сүйенсек, алдын-ала жүргізілген тергеу барысында есірткінің көліктегі жолаушыға, бұрын есірткі заттарын сақтағаны үшін сотты болған Қарағандының тұрғынына тиісілі екендігі белгілі болған. Қазіргі уақытта ұсталған әйел уақытша тергеу изоляторына қамалды. "Есірткіні тасымалдау арнасын және аталмыш қылмысқа қатысушыларды анықтауға қатысты шаралар кешені жүргізіліп жатыр",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны