28.04.2010, 16:06 3288

Қарағанды облысында магистралдық мұнай құбырынан 30 тонна мұнай ұрлаған Қызылорда қаласының екі тұрғыны ұсталды

Қарағанды облысында магистралдық мұнай құбырынан 30 тонна мұнай ұрлаған Қызылорда қаласының екі тұрғыны ұсталды

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында магистралдық мұнай құбырынан 30 тонна мұнай ұрлаған Қызылорда қаласының екі тұрғыны ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қарағанды облысында Ұлытау ауданының аумағындағы магистралдық мұнай құбырынан 30 тонна мұнай ұрлаған Қызылорда қаласының екі тұрғыны ұсталды.

Күдіктілердің мұнай құбырын заңсыз ойғаны анықталды. Сонымен қатар олардан мұнай тиелген бензин таситын екі автомашина, сондай-ақ мұнай құбырын ою және сорып алуға арналған түрлі құралдар тәркіленді",- деді ІІМ өкілі.

"Қазіргі уақытта келтірілген зиян көлемі анықталуда, сондай-ақ қылмысқа қатысты сыбайластарды ұстау бойынша шаралар қабылдануда",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны