14.07.2014, 20:18 2970

Қарағанды облысында шамамен 2 мыңдай үйге жылу есептегіш құрылғысы қажет

Жалпыүйлік жылу есептігіш құрылғысын орнату тетіктерін насихаттау бойынша арнайы көшпелі жұмыс тобы Қарағанды облысына барды.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan today. Жалпыүйлік жылу есептігіш құрылғысын орнату тетіктерін насихаттау бойынша арнайы көшпелі жұмыс тобы Қарағанды облысына барды. Топ құрамына Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі өкідері мен "Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы" АҚ мен "ТКШ дамыту қоры" жетекшілері енгізілген.

Жұмыс тобы Қарағанды қаласының көппәтерлі тұрғын үйлерін аралап, тұрғындармен кездесу барысында жылу энергиясын есептегіш құрылғысын орнатудың артықшылықтары түсіндірді. Бұндай құрылғы тұрғындардың пайдаланбаған қуатына ақша төлеуге мәжбүрлеуінен айырады, деп хабарлайды Өңірлік даму министрлігі.

Кейін Қарағанды қаласында кеңес өтіп, онда жылу есептегіш құрылғысын ортану тетіктері мәселесі қаралды. Қазірге дейін облыс бойынша 1619 көпқабатты үйлерде жылу есептегіш құрылғысы орнатылған. Ал негізінен бұл көрсеткіш 4 448 үйге жетуі тиіс.

"Егер қалалар мен өңірлердегі жылу есептегіш құрылғысы мәселесін қарайтын болсақ Жезқазған қаласындағы 648 көппәтерлі тұрғын үй жылу есептегіш құрылғысы толықтай жылу есептегіш құрылғысымен қамтамасыз етілген. Жыл басынан бері облыс бойынша 166 үй осынау құрылғымен қамтамсыз етілді. Соның ішінде 26-сы Қарағанды қаласына, 135-і Балқаш қаласына, 5 үй Приозерск қаласына тиесілі. Шахтинск пен Абай қалаларындағы жылу есептегіш құрылғыларын орнату процедуралары аяқталды. Жыл соңына дейін мемлекеттік бюджет есебінен жалпыүйлік құрылғылар қалаларға орнатылатын болады. Атап айтар болсақ, жоспар бойынша Приозерск (69 үй), Шахтинск (222 үй) және Абай (171 үй). 2014 жылы мемлекеттік бюджет, энергия беретін ұйымдар мен инвестициялық салымдар есебінен өңірде 2355 жылу есептегіш құрылғысы орнатылады", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны