24.05.2007, 16:06 2953

Қарағанды облысында түзету мекемесінің қызметкерінен есірткі тәркіленді

АСТАНА. 24 - мамыр. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында түзету мекемесінің қызметкерінен есірткі тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Ресупбликасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қарағанды облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қазметкерлері Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында АК-159/6 мекемесінің қызметкері, әділет капитанын құрықтады. "Тінту барысында одан 41,89 грамм гашиш тәркіленді",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Аталмыш дерек бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабының, 3-тармағы бойынша (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе сату) қылмыстық іс қозғады. Ұсталған адам тұтқындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны