20.07.2017, 22:02 3055

Қарағанды облысыныӊ әкімдігі мен БЖЗҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Қарағанды облысыныӊ әкімдігінде "Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева мен аймақ басшысы Ерлан Қошанов кездесті. Бұл кездесудіӊ нәтижесінде Қарағанды облысы әкімдігі мен БЖЗҚ арасында ынтымақтастық меморандумы орнатылды.

Қарағанды. 20 шілде. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ әкімдігінде "Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева мен аймақ басшысы Ерлан Қошанов кездесті. Бұл кездесудіӊ нәтижесінде Қарағанды облысы әкімдігі мен БЖЗҚ арасында ынтымақтастық меморандумы орнатылды.

Келісім шеӊберінде жинақтау зейнетақы қорына салым жасау пайдасы туралы түсіндіру және насихаттау жұмыстарын бірлесе өткізу көзделген. Сонымен қатар аймақ тұрғындарыныӊ қаржылық сауаттылығын жоғарылату шаралары қарастырылған.

Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева неліктен Жинақтаушы зейнетақы қорына салымдар жасаудыӊ пайдасына назар аударту керектігін түсіндірді.

- Қорға аударылатын салымдардыӊ санына қарап, адамдар дер кезінде және тиісті көлемде төлем жасамайтыны туралы тұжырым жасауға болады. Не десек те, адамдардыӊ Бірыӊғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорыныӊ жұмысы туралы толық ақпараттандылырмағаны және түсінбеуі байқалады. Сондықтан меморандум шеӊберінде жүргізілетін ақпараттандыру жұмыстарыныӊ маӊызы өте зор.

Кездесу барысында аймағымыздағы тұрғындардыӊ зейнетақы жинақтау есеп шоттарыныӊ жағдайы туралы мәліметтер келтірілді. Мысалы, өткен жылы Қарағанды облысындағы орташа жалақы мөлшері - 125 700 теӊгеден , жәнеде жұмыс істейтін тұрғындар санын есепке ала келе БЖЗҚ-ғы салымдар көлемі шамамен 99 миллиард теӊгені құрау керек болатын. Алайда іс жүзінде ол сома 56 миллиарды ғана құраған. Бұл үлкен айырмашылық 300 000-ға жуық адам зейнетақы қорына міндетті салымдарды аудармағанымен түсіндіріледі.

Жағдайды түзету үшін БЖЗҚ-да Қазақстанныӊ барлық аймақтарыныӊ әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумдар құру туралы шешім қабылданған. Жегілікті атқарушы органдардыӊ қолдауымен насихат жұмыстары жылдамырақ жүреді деп есептейді қор өкілдері.

- Республика шеӊберінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарын құрдық, - деп мәлімдеді Нұрбибі Наурызбаева. - 350 000 адамды қамтуды көздеп отырмыз. Ол өткен жылмен салыстырғанда 5-6 есе көбірек. Бізде халық үшін арнайы, қарапайым және түсінікті таныстыру құралдары жасалған. Ол қор жұмысыныӊ ашықтығы және айқындығына септігін тигізеді. Бұл бүгінгі күнде еӊ басты міндеттердіӊ бірі болып табылады.

Бірыӊғай Жинақтаушы Зейнетақы Қоры 2013-ші жылдыӊ 22-ші тамызында құрылған болатын. Оныӊ құрылтайшысы және бас акционері Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны