02.02.2012, 11:56 3747

Қарағанды облысының Қан орталығының директоры қамауға алынды

Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) лауазымын асыра пайдалану фактісі бойынша облыстық Қан орталығы директорының үстінен қылмыстық іс қозғаған. Бұл туралы бейсенбі күні облыстық қаржы полициясы департаментіндегі ақпарат көзі мәлім етті.

Қарағанды. 2-ақпан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының Қан орталығының директоры қамауға алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) лауазымын асыра пайдалану фактісі бойынша облыстық Қан орталығы директорының үстінен қылмыстық іс қозғаған. Бұл туралы бейсенбі күні облыстық қаржы полициясы департаментіндегі ақпарат көзі мәлім етті.

Оның айтуынша, директор бюджет қаржысын мақсатқа сай жұмсамаған көрінеді. Қазір талан-тараж болған қаржы мөлшері анықталып жатыр. Сәрсенбі күні директор қамауға алынды.

Қарағандыға Астанадан жедел тергеу тобы жөнелтілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны