01.02.2008, 16:26 2376

Қарағанды облысының медициналық мекемелерінде "Лицензиялау туралы" заңы орындалмайды

Қарағанды облысының медициналық мекемелерінде "Лицензиялау туралы" заңы орындалмайды

Қарағанды. 1 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының медициналық мекемелерінде "Лицензиялау туралы" заңы орындалмайды. Бұл туралы Қарағанды облысы прокуратура басқарамасының прокуроры Шыңғыс Төрегелдин құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Тексеру кезінде анықталғанындай, аймақтық МКК Ақтоғай ауданының медициналық бірлестігі, Қарағанды облысының денсаулық сақтау департаментімен мемлекеттік лицензияға қоса берілетін айқындауыш құжатсыз еңбекке қабілетті және кәсіби жарамдылығы жөнінде сараптамасын жүргізіп отырған", - деп хабарлады Ш. Төрегелдин.

Сонымен қатар, оның сөздері бойынша, Шет ауданының МКК аймақтық медициналық бірлестігі есірткі сараптауын тиісті рұқсат құжатсыз жүргізіп отырған.

Ал тіркеу кітабында аймақтық бірлестік 2006 жылы және 2007 жылдың 10 айында ішімдік пен психотроптық заттарды пайдаланған 519 адамға медициналық зерттеу жүргізіп, қорытынды қағаздарын бергені жөнінде деректер тіркелген.

Тұра соған ұқсас заң бұзушылық "Бұхар жырау аймақтық медициналық бірлестігінің" қызметінде анықталды.

" Икімшілік құқық бұзушылықтарына жол берген Шет, Ақтоғай, Бұхар-Жырау аймақтық медицинских бірлестіктерінің директорлары, ҚР әкімшліктік құқық бұзушылық туралы кодексінің 322 бабының 1 тарауы бойынша әкімшіліктік жауапқа тартылды ", - деді облыстық прокуратура басқармасының прокуроры.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны