28.10.2009, 13:36 2971

Қарағанды облыстық соты "Валют-Транзит Банктің" бұрынғы басқарушысына жүктелген жазаны қатайтты

Қарағанды облыстық соты "Валют-Транзит Банктің" бұрынғы басқарушысына жүктелген жазаны қатайтты

Қарағанды. 28 қазан. Kazakhstan Today - Қарағанды облыстық соты "Валют-Транзит Банктің" бұрынғы басқарушысы Индира Сағындықоваға жүктелген жазаны қатайтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, "Валют-Транзит Банк" төрағасы Айтбақы Белялов пен банктің басқа да басшыларына қатысты қылмыстық іс 2007 жылы қозғалған. Осы кезде Индира Сағындықова ізін жасырып кеткендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланды. 2008 жылдың қараша айында, іс бойынша жауапқа тартылғандардың барлығы да сотталғаннан кейін, И. Сағындықова РФ Калуга облысында ұсталып, Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды.

2009 жылғы тамызда Қарағанды аудандық соты жойылған "Валют-Транзит Банктің" бұрынғы тең төрайымы И. Сағындықованы үш жылға шартты бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша, соның ішінде алдау немесе сенімге кіру арқылы мүліктік шығын келтіруге, "Валют-Транзит Банкті" басқарған кезде заңсыз тапқан қаржы немесе басқа да мүлікті заңдастырып алуға айыпты деп танылды.

ІІД хабарлауынша, облыстық сот И. Сағындықоваға жүктелген жазаны қатайтып, соған сәйкес шартты мерзім жалпы тәртіптегі абақтыда жазаны нақты өтеуге алмастырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны