03.08.2017, 19:05 3974

Қарағандыда "ақылды қала" технологиясын енгізу жоспарлануда

Электр қуатын, жылу, су беруде және қауіпсіздік жүйесі жұмысы арнайы бағдарламамен реттеледі және автоматты түрде диагностикадан өткізіледі. Осылайша, аумақта қамтамасыз ету процессіне жұмылдырылған адам саны азаяды, ал жүйедегі келеӊсіздіктерді пайда болған сәтте анықтауға мүмкіндік болады.

Қарағанды. 3 тамыз. Kazakhstan Today - Алдағы жылдары заманауи ғылыми жетістіктер көмегі арқылы қала жүйелерін жаӊғырту жоспарлануда. Облыс әкімі Ерлан Қошановтыӊ тапсырмасымен қарағандылық мамандар "SIEMENS" компаниясы инженерлерініӊ тәжірибесін меӊгеруге барады.

ЭКСПО-2017 көрмесінде Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов "SIEMENS" корпоративті павильонына барды. Онда аймақ басшысына көремніӊ барлық кешенін салуда қолданылған "ақылды қала" технологиясы таныстырылды. Электр қуатын, жылу, су беруде және қауіпсіздік жүйесі жұмысы арнайы бағдарламамен реттеледі және автоматты түрде диагностикадан өткізіледі. Осылайша, аумақта қамтамасыз ету процессіне жұмылдырылған адам саны азаяды, ал жүйедегі келеӊсіздіктерді пайда болған сәтте анықтауға мүмкіндік болады.

Ерлан Қошанов қарағандылық мамандарды "SIEMENS" компаниясына оқытуға жіберуді тапсырды.

-"Ақылды қала" технологиясын енгізу бүгінгі күнніӊ талабы. Бұл бюджет қаржысын үнемдеуге, адам еӊбегін азайтуға мүмкіндік береді, - деп санайды облыс әкімініӊ ШОБ-қа инвестициялар бойынша орынбасары Алмас Айдаров. - Бұл технология ауқымды екенін түсіну керек және қаланыӊ барлық салаларын қамтиды - медицина, қауіпсіздік, ТҮКШ салаларын. Денсаулық сақтауда біз осы саланы енгізе бастадық, мысалы, аурулардыӊ тарихы электронды түрде жүргізіледі. Енді қауіпсіздікте қолдануды бастау қажет деп ойлаймын. Қала бойынша бақылайтын және сүзіп отыратын арнайы бағдарламасы бар жазбалар мен бейнекамералар орнату, яғни адамдар қадағаламайды. Бұл керек фрагменттерді тез тауып, қолдануда тиімді болады.

Жаӊа технологияларды қандай форматта және қашан қолданылатыны анықталады. Алайда қала басшылығы "Ақылды қала" технологиясы аса қажет екеніне сенімді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны