28.05.2007, 19:01 2804

Қарағандыда есепке қою үшін және әскери билет беру үшін пара талап еткен әскери комиссар құрықталды

АСТАНА. 28 - мамыр. Kazakhstan Today. Қарағандыда есепке қою үшін және әскери билет беру үшін пара талап еткен әскери комиссар құрықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Қарағанды қалалық әскери-тергеу басқармасынан хабарлады.

Басқарманың ақпараттарына сүйенсек, 21-мамырда Қарағандының тұрғыны Қарағанды аудандарының бірінің қорғаныс бөлімінің бастығы оны есепке қою үшін және әскери билет беру үшін 500 АҚШ доллары көлемінде ақша боспалағандығы туралы хатпен жүгінген. "Қарағанды қаласының әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері жедел-здестіру шаралары барысында қорғаныс бөлімінің бастығын 400 АҚШ доллары көлемінде пара алу үстінде құрықтады",- деп түсіндірді басқармадағылар.

Искери полицияның мәліметтеріне сүйенсек, тінту барысында ұсталғанның тұрғылықты жерінен параның бөлігі ретінде алынған 10500 теңге, сонымен қатар 18 мың АҚШ доллары және ТОЗ маркалы қару табылып, тәркіленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны