20.10.2017, 18:54 6280

Қарағандыда мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық мәселелері жөнінде кеӊес өтті

Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Берік Имашевтіӊ қатысуымен ағымдағы жылдыӊ 29 қазанында тағайындалған шығып қалғандардыӊ орнына мәслихат депутаттарын сайлауды дайындау және өткізу туралы кеӊес өтті.

Астана. 20 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Б. Имашев Қарағандыда мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық мәселелері жөнінде кеӊес өткізді.

19 қазанда Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Берік Имашевтіӊ қатысуымен ағымдағы жылдыӊ 29 қазанында тағайындалған шығып қалғандардыӊ орнына мәслихат депутаттарын сайлауды дайындау және өткізу туралы кеӊес өтті.

Іс-шараға Қарағанды облысыныӊ әкімі Е.Қошанов, барлық деӊгейдегі сайлау комиссияларыныӊ мүшелері, әкім аппаратыныӊ қызметкерлері, Қарағанды облысыныӊ өзге де мемлекеттік органдарыныӊ қызметкерлері мен мәслихат хатшылары қатысты.

Кеӊес барысында шығып қалғандардыӊ орнына мәслихаттар депутаттарын сайлауын өткізуге дайындық, сайлаушылар тізімдерін құру бойынша жұмыстарды жетілдіру, сайлау процесіне қатысушылардыӊ электораттық мәдениетін арттыру мәселелері талқыланды.

ҚР ОСК төрағасы Б. Имашев аумақтық және учаскелік комиссиялар - бұл сайлау жүйесініӊ негізгі құрамдас бөлігі, сайлау туралы заӊнаманыӊ орындалуы, оныӊ бірыӊғай қолданылуы осылармен қамтамасыз етілетінін атап өтті.

Берік Имашев: "Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссияларыныӊ мүшелерін кәсіби даярлауға, қолданыстағы сайлау заӊнамасыныӊ барлық процестерін қатаӊ сақтауға ерекше назар аударады. Бұл үшін ОСК аймақтағы бар мәселелерді жан-жақты талқылау үшін аумақтарда кездесулер өткізуді жоспарлап отыр" - деді.

Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы отырысқа қатысушыларды ОСК қызметініӊ электораттықаралық кезеӊдегі негізгі бағыттары: Қазақстанныӊ сайлау жүйесіндегі заӊнамалық негізді жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сайлау комиссияларыныӊ мүшелерін кәсібилендіру және сайлау процестерін цифрландыру туралы хабардар етті.

Берік Имашев соӊғы жылдары Қазақстан Республикасыныӊ Орталық сайлау комиссиясы сайлау заӊнамасын бақылау аясында тиянақты жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ кеӊес барысында, 2017 жылғы Қарағанды облысыныӊ сайлау комиссияларыныӊ қызметі туралы, аймақтан шығып қалғандардыӊ орнына мәслихаттар депутаттарыныӊ ағымдағы науқаны, пікір алмасулар өткізілді, сайлауды ұйымдастырушылардыӊ бірлескен жұмысын одан әрі жетілдіру жөніндегі міндеттер мен бағыттар қарастырылды.

Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы сайлау комиссияларыныӊ мүшелерін тұрақты негізде оқыту үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлу қажеттігіне, сондай-ақ басқа елдердегі сайлауды байқау миссияларын қоса алғанда, халықаралық іс-шараларға аймақтыӊ өкілдерініӊ қатысуын арттыруға назар аударды.

Облыс әкімі кеӊестіӊ қорытындысы бойынша барлық ұсыныстарды назарға алатындығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны