16.04.2007, 17:34 3147

Қарағандыда облыстық ішкі істер департаментінің анықтаушысы пара алу үстінде құрықталды - ҚР ІІМ

АСТАНА. - сәуір. Kazakhstan Today. Қарағандыда Қарағанды облысының ішкі істер департаментінің анықтаушысы өзінің жеке меншік көлігінің ішінде пара алу үстінде құрықталды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ ақпарат және қоғамдық байланыс орталығының бастығы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Облыстық ішкі істер департаментінің анықтаушысы болып қызмет істейтін полиция капитанын 62 200 теңге сомасында пара алу үстінде құрықтаған",- деді Бағдат Қожахметов. Ол ақшаны полиция капитанына айыпталушыны қылмыстық жауаптан босату үшін оның туысқаны бергендігін нақтылап өтті.

Сонымен қатар, орталық мәліметтеріне сүйенсек, 13-сәуірде Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Ил-Фарби АІІБ жедел уәкілдері болып қызмет атқаратын полиция майоры мен полиция капитанын пара алу үстінде ұстаған. "Олар ұрлық дерегі бойынша айыпталушыны қылмыстық жауапқа тартпау үшін оның әкесінен 30 мың теңге алған",- деп түсіндірді Бағдат Қожахметов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны