28.05.2012, 15:46 3060

Қарағандыда полицейлер мотоциклшіні көлікпен қағып өлтірген жүргізушіні тапты

"25 мамыр күні кешке Қарағандының 25 орамындағы аулалардың бірінен Ақмол облысының Астараханка ауылының 22 жасар тұрғыны ұсталды. Жол-көлік оқиғасына тән зақымдалған "Фольксваген-Гольф" көлігі анықталып, тұраққа кіргізілді", - деп айтты облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Қарағанды. 28-мамыр. Kazakhstan Today - Қарағандыда полицейлер мотоциклшіні көлікпен қағып өлтірген жүргізушіні тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.

"25 мамыр күні кешке Қарағандының 25 орамындағы аулалардың бірінен Ақмол облысының Астараханка ауылының 22 жасар тұрғыны ұсталды. Жол-көлік оқиғасына тән зақымдалған "Фольксваген-Гольф" көлігі анықталып, тұраққа кіргізілді", - деп айтты облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Ұсталған азамат уақытша қамау абақтысына жабылды. Адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасының фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

"Бұдан басқа, ұсталған азамат Астанада көлік айдап кеткені үшін іздеуде болды", - деп атап өтті облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Бұрын хабарланғандай, 25 мамыр күні күндіз Қарағандының Костенко-Ленин көшелерінің қиылысында "Фольксваген-Гольф" көлігінің жүргізушісі 23 жастағы мотоциклшіні көлікпен қағып өлтіріп, оқиға орнынан ізін суытқан. Алдын ала нұсқа бойынша, апаттың кінәлісі - бірінші болып өтуі керек мотоциклшіні жібермеген көлік жүргізушісі. Соққының қатты болуы соншалық, байкер соққы орнынан шамамен 50 метр жерге ұшып кеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны