20.12.2009, 17:57 3905

Қарағандыда полиция қызметкерін атып кетті

Қарағандыда полиция қызметкерін атып кетті

Қарағанды. 20 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қарағандыда полиция қызметкерін атып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қылмыс бүгін сағат 04.20-да Сатыбалдин көшесіндегі автотұрақтың жанында болған. Белгісіз біреу өз көлігінде отырған Қарағанды қалалық ІІБ Орталық полиция бөлімінің қызметкеріне қаратып оқ атқан. 21 жастағы жараланған полиция қызметкері облыстық медициналық орталыққа жеткізіліп, сол жерде ол есін жимастан көз жұмды.

"Қылмысты жасаған күдіктілер "Тойота Королла" көлігімен іздерін жасырған. Көлікті жол полициясы мен күзет полициясы полкының қызметкерлері Қарағанды қаласының іргесіндегі Доскей кентінің маңында жолдың жиегіне тастап кеткен жерден тапты", - деп хабарлайды ІІД.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 96-шы бабы (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны