26.02.2010, 18:09 3051

Қарағандыда полиция қызметкерлері бір килограмм шамасындағы героин тәркіледі

Қарағандыда полиция қызметкерлері бір килограмм шамасындағы героин тәркіледі

Қарағанды. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Қарағандыда полиция қызметкерлері бір килограмм шамасындағы героин тәркіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"16 ақпанда тәртіп сақшылары Қарағандыда арнаулы жедел алдын алу іс-шараларының кешенін жүзеге асыру барысында 36 жастағы бұрындары сотталған, еш жерде жұмыс істемейтін бір әйелді өз үйінде қолға түсірді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Пәтердегі тінту кезінде жатын бөлмеден ақшыл-сұрғылт түсті заты бар бума, ал серванттан арнаулы исі бар ақшыл-сұрғылт түсті зат салынған 10 полимер орама табылды", - деп хабарлайды полициядағыар.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сараптама қорытындысы бойынша бума мен орамадағы зат - салмағы 2,04 грамм және 1 килограмм 140 грамм героин болып шықты. Тәркіленген героиннің жалпы салмағы - 1 килограмм 142,04 грамм.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған әйел уақытша ұстау абақтысына қамалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны