17.01.2008, 17:44 3291

Қарағандыда Приозерск әскери бөлімшесінің сарбаздары ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды

Қарағандыда Приозерск әскери бөлімшесінің сарбаздары ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды

Қарағанды. 17-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының Приозерск қаласында орналасқан 06708 әскери бөлімшесінің қатардағы үш сарбазы адам өлтіргендері үшін ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Қарағанды гарнизонының әскери соты Еркін Досжановты 16 жылға, Оңғарбай Бұрашевті 12 жылға және Қанат Байболатовты 15 жылға бас бостандықтарынан айырды. Олардың барлығы жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

Сарбаздар Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 370-бабы (әскери қызметшілер арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу) мен Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 96-бабында (адам өлтіру) қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылған болатын.

Сотта қайтыс болған сарбаздың мүддесін Тараздан келген туыстары мен қылмыстық істе жәбірленуші болып танылған бөлім бастығы қорғаған.

Бұрын хабарлағанымыздай, "2007 жылдың 25 маусым айында таңертеңгі сағат төртте Приозерск қаласындағы 06708 әскери бөлімінің жедел әскери қызметінің 3 сарбазы өзінің қызметтесін өлтірді. Олар бес ай бойы басқа әскери қызметкерлері арасында белгіленген жарғылық тәртіпті бұза отырып, өздерінің басқалар алдындағы артықшылығын көрсету үшін, сарбаздарды талай рет соққыға жығып, ар-намыстарын таптаған ", - деді Орталық аймақтың әскери прокуратурасының әскери прокурорының орынбасары полковник В. Мороз.

"1 зениттік атқыштар дивизионының жедел әскери қызметін өтеп жүрген 3 сарбаздың біреуі қару командирінің қызметін, екеуі аға дәлдеуші қызметін атқара отырып, мас күйінде әскери қызметтесін соққының астына алған. Жанжалдың туындауына 1000 бірлік актив -картасын алып беруден бас тартуы себеп болған ", - деп хабарлады әскери прокурордың орынбасары.

Оның айтуынша, олар соққыға жыққан сарбазға "менің өлімімде ешкімге кінә тақпаңдар" деген қол хатты күштеп жаздырған. "Содан кейін оны казарма ғимаратының үшінші қабатында орналасқан тұрмыстық бөлменің терезесінен лақтырып жіберген". Алған жарақаттар салдарынан сарбаз қалалық ауруханада көз жұмған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны