08.08.2016, 13:01 4426

Кәрім Мәсімов D аралындағы жұмыс барысымен танысты

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қашаған мұнай кен орындарындағы өндіріс нысандарында болды

Атырау. 8 тамыз. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қашаған мұнай кен орындарындағы өндіріс нысандарында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мұнай өндірісі көлемін тұрақты ұлғайту мәселесініӊ Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маӊызы зор. Атап айтқанда, 14 маусымда өткен Үкімет отырысы кезінде Премьер-Министр биыл мұнай өндірісін 74 млн тоннадан 75 млн тоннаға дейін арттыруды тапсырды. Сонымен қатар Энергетика министрлігі мен ҚМГ алдына 2016 жылдыӊ қазан айына дейін Қашағанда мұнай өндіруді іске қосу міндетін қойды, деп хабарлайды pm.kz тілшісі.

Қашағанда мұнай өндіру оны қалпына келтіру жұмыстарына байланысты тоқтатылған болатын. Жоба 2013 жылдыӊ 11 қыркүйегінде іске қосылды, сол күні Қашағаннан алғашқы мұнай алынды. Алайда 24 қыркүйек күні D аралынан "Болашақ" зауытына өтетін құбырды жоспарлы тексеру кезінде ілеспе газдыӊ ағып кеткені анықталды. Осыған орай Қашағанда мұнай өндіру зақымдалған учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін тоқтатылды. Жөндеу жұмыстарынан соӊ газдыӊ ағып кетуі тағы анықталып, мұнай өндірісі тоқтатылды. Жұмыс тобы жүргізген талдам көрсеткендей, газдыӊ ағып кетуіне сульфидті қосындылар әсерінен құбырлардыӊ шытынауы себеп болған. Бұл мәселені шешу үшін газ және мұнай құбырларын толығымен ауыстыру қажет болды.

D аралы Атырау қаласынан 85 шақырым қашықтықта орналасқан және бүгінде оныӊ құрылысына 3,5 миллион тонна тас жынысы қолданылған. К.Мәсімов бұрғылау ұӊғымаларын көріп, нысанда жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. NCOC компаниясыныӊ басқарушы директоры Бруно Жардэн ҚР Премьер-Министріне кен орнында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, Солтүстік-Каспий жобасыныӊ жүзеге асырылу барысы туралы әӊгімеледі.

2014 жылы Солтүстік-Каспий жобасыныӊ консорциум мүшелері кен орнында бір жерде шоғырландырылған бірлескен компания жұмыс істейтіні туралы келісімге келген болатын, ол сол кезде жұмыс істеп тұрған "NCOC" операторыныӊ атауын иеленді.

Анықтама үшін:

Солтүстік Каспий бойынша Өнім бөлісу туралы келісімге (СКӨБК) 1997 жылдыӊ қараша айында Қазақстан мен халықаралық консорциум қол қойды. 1998 жылы аумағы 5 600 шаршы шақырым СКӨБК учаскесінде көмірсутектерді барлау жұмыстары басталды.

СКӨБК аясында 2000 жылы Қашаған, 2002 жылы Қаламқас теӊізі, 2003 жылы Ақтоты, 2003 жылы Қайраӊ және 2003 жылы Оӊтүстік Батыс Қашаған кен орындары ашылды.

NCOC компаниясы құрамына жеті мұнай-газ компаниясы енген консорциум атынан жоба операторы ретінде жұмыс істейді, олардыӊ сәйкесінше жобаға қатысу үлесі келесідей:

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ Кашаған Б.В.) -16,88%;

ENI S.p.A. (Agip Caspian Sea B.V.) - 16,81%;

Exxon Mobil Corporation (ExxonMobil Kazakhstan Inc.) - 16,81%;

Royal Dutch Shell plc. (Shell Kazakhstan Development B.V.) - 16,81%;

Total S.A. (Total E&P Kazakhstan) - 16,81%;

CNPC (CNPC Kazakhstan B.V.) - 8,33%;

INPEX Corporation (INPEX North Caspian Sea) - 7,56%

Қашаған кен орны Каспий теӊізініӊ солтүстік бөлігінде Қазақстанныӊ аумақтық суларында орналасқан, оныӊ аумағы шамамен 75 шақырым және 45 шақырым. Кен орнындағы мұнайдыӊ геологиялық қорлары 4,5 миллиард тоннаға жуық деп бағалануда.

2000 жылы "Восток-1" ұӊғымасын өӊдеудіӊ арқасында ашылған ірі қайраӊды мұнай-газ кен орнына мемлекет үлкен үміт артады, себебі ол соӊғы 40 жыл ішінде ашылған әлемдегі еӊ ірі өндіріс орындарыныӊ бірі болып есептеледі. Кен орнын толыққанды пайдалану Қазақстанныӊ мұнай-газ индустриясындағы өз ұстанымын жақсартуға айтарлықтай септігін тигізеді деп күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны