25.07.2008, 19:33 2835

Кәрім Мәсімов мұнайды тасымалдауда оңтүстік бағытты дамыту жөніндегі Еуропалық Одақтың бастамасын қолдайтынын жеткізді

Кәрім Мәсімов мұнайды тасымалдауда оңтүстік бағытты дамыту жөніндегі Еуропалық Одақтың бастамасын қолдайтынын жеткізді

Астана. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Кәрім Мәсімов мұнайды тасымалдауда оңтүстік бағытты дамыту жөніндегі Еуропалық Одақтың бастамасын қолдайтынын жеткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Пьер Морель бастаған Еуропалық Одақтың делегациясымен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде кең көлемдегі мәселелерді талқылады, сондай-ақ энергетика және мұнайды тасымалдау саласындағы өңірлік өзара іс-қимыл туралы пікір алмасты.

Кәрім Мәсімов Қазақстанның энергоресурастарды тасымалдау саласындағы көп векторлы саясатты ұстайтындығын қуаттады және мұнайды тасымалдауда оңтүстік бағытты дамыту жөніндегі Еуропалық Одақтың бастамасын қолдайтынын жеткізді.

Қашаған жобасын іске асыру жөніндегі оқиғаның дамуын талқылай келе, Премьер-Министр "барлық мәселе жөнінде мәмілеге қол жеткізілді. Қазір тиісті құжаттарды заңдық тұрғыда ресімдеу жүріп жатыр" деп мәлімдеді.

П. Морель көмірсутегі шикізатын экспорттау ағыны үшін қосымша дәліздерді дамытуға бағытталатын жобаларды алға жылжытуда Қазақстанның негізгі рөлі туралы пікірін жеткізді.

Тараптар ынтымақтастықты дамыту және белгіленген міндеттерді шешу үшін өзара тиімді келісімдерді жандандыру қажеттігіне назар аударды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны