24.06.2008, 19:00 3012

Кәрім Мәсімов пен Ян Цзечи екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайын талқылады

Кәрім Мәсімов пен Ян Цзечи екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайын талқылады

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрі Ян Цзечимен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде кең көлемдегі мәселелерді талқылады.

Тараптар экономиканың әр секторындағы әріптестікті дамытудың перспективасы туралы пікір алмасты.

К. Мәсімов екі елдің сауда-экономикалық байланысын кеңейтудің айтарылықтай әлеуеті мен көрсеткіштердің артуының оң қарқынын атап өтті.

Өз кезегінде, Ян Цзечи Қытайдың Қазақстандағы ірі инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыруға қызығушылығын жеткізді.

Тараптар Қазақстан мен Қытайдың өңірлік және халықаралық деңгейдегі өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екеніне тоқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны