03.10.2008, 15:52 1621

Кәрім Мәсімов "TeliaSonera Eurasia" компаниясының президенті Теро Кивисааримен кездесті

Кәрім Мәсімов "TeliaSonera Eurasia" компаниясының президенті Теро Кивисааримен кездесті

Астана. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "TeliaSonera Eurasia" компаниясының президенті Теро Кивисааримен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан рыногындағы телекоммуникациялық қызметті дамыту жөніндегі компанияның келешектегі іс-қимылын талқылады.

Т. Кивисаари Қазақстанның телекоммуникациялық қызмет рыногын дамытудағы жоғары әлеуетін және ұзақ мерзімді перспективаларын атап өтті.

Ол жаңа технологиялар мен біліммен, әлемдік деңгейдегі телекоммуникациялық қызметті ұсына отырып, компания Қазақстан рыногындағы өз қызметін одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны