12.01.2007, 16:45 3116

Кәрім Мәсімов үкіметінің бағдарламасы парламентке ұсынар алдында "Нұр Отан" халықтық -демократиялық партиясында талқыланады

АСТАНА. 12-қаңтар. Kazakhstan Today. Кәрім Мәсімов үкіметінің бағдарламасы парламентке ұсынар алдында "Нұр Отан" халықтық -демократиялық партиясында талқыланады. Бұл туралы бүгін премьер-министр үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз парламентке үкімет бағдарламасы туралы баяндамамен келерден бұрын, оны "Нұр Отан" партиясының отырысында талқылауымыз қажет",- деді К. Мәсімов.

Ол отырысқа қатысып отырған "Нұр Отан" партиясының төрағасы міндетін атқарушы Бақытжан Жұмағұловқа "бұл мәселені талқылап, партия тарапынан қандайда бір ұсыныстар алуға" ұсыныс жасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны