12.03.2013, 13:23 3021

Қаржы министрлігі коммерциялық жүктерді жеке тұлғалардың импорттауына кедергі жасауға мүдделі

"Тауарлардың коммерциялық партияларын жеке тұлғалардың импорттауына кедергі жасау үшін нормативтік-құқықтық акт жасалады, сол арқылы тауарлардың коммерциялық партиясы не екені анықталады, және егер де оны жеке тұлға жеткізетін болса, салық салу кезіндегі айналым кәсіпкерлік ретінде салық салынып, сол арқылы жеке тұлғалардың коммерциялық партияларды жеткізуге кедергі болады. Ал, егер ол жеке кәсіпкер ретінде әкелетін болса, оған бұл төлемдерді төлеу қажет болмайды", - деді Б.Жәмішев.

Астана. 12-наурыз. Kazakhstan Today - Қаржы министрлігі заңнамалық тәртіпте тауарлардың коммерциялық партияларын жеке тұлғалардың импорттауына кедергі жасауға мүдделі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

"Тауарлардың коммерциялық партияларын жеке тұлғалардың импорттауына кедергі жасау үшін нормативтік-құқықтық акт жасалады, сол арқылы тауарлардың коммерциялық партиясы не екені анықталады, және егер де оны жеке тұлға жеткізетін болса, салық салу кезіндегі айналым кәсіпкерлік ретінде салық салынып, сол арқылы жеке тұлғалардың коммерциялық партияларды жеткізуге кедергі болады. Ал, егер ол жеке кәсіпкер ретінде әкелетін болса, оған бұл төлемдерді төлеу қажет болмайды", - деді Б.Жәмішев.

"Егер де біреу тауарлардың коммерциялық партиясын тасымалдаса, оның мақсаты әрине басқа емес, коммерция болып табылады, сондықтан тек қана тауар сатуда ғана емес, кеденде рәсімдеу кезінде де кәсіпкер екенін көрсетуге тиіс. СЭҚ қатысушыларының дербес шоттары салық комитетіне беріледі, бұл тауарлар қозғалысын өзара бақылау қамтамасыз етеді", -деп түсіндірді Қаржы министрлігінің басшысы.

Оның айтуынша, кедендік жүйе кедендік құнды анықтау кезінде үлкен элементке ие, бұл өз алдына жүйенің коррупциогендігіне әсер етеді.

"Фиксальды қызметті кедендік органдардан салық органдарына тапсыру әкелімнен жүзеге асыруға дейін тура үдерісті қалыптастыруға мүмкіндік береді",- деді Б.Жәмішев.

Ол атап өткендей, аталған шаралар кедендік және салықтық әкімшілікті жетілдіру іс-шаралары жоспарының жетінші бағыты болып есептеледі, ол маңызды мәселелерді қамтитын жеті негізгі блоктан құралған.

Аталған жоспар кедендік тарифтерді сәйкестендіруді, кедендік инфрақұрылымды дамытуды, электрондық мағлұмдауды енгізуді, электрондық рұқсаттар және лицензиялау жүйесімен ықпалдастықты, кәсіпкер мәртебесі тіркелімінсіз жеке тұлғалардың тауар әкелімін ынталандыруды, өкілетті экономикалық операторлардың институтын жетілдіруді қарастырады.

Қаржы министрлігі басшысы "басты жаңалық жаңа кедендік әкімшілікті салықтық әкімшілік үйлесімінде енгізу, ал кедендік құнның төмендеуі тауар ел ішінде сатылған жағдайда салық салумен тежелмейтінін" атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны