08.02.2013, 13:12 3488

Қаржы министрлігінің басшысы 2013 жылы барлық мемлекеттік мекемелерде қазынашылықтың ақпараттық жүйесін енгізуді тапсырды

Бүгін ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев Премьер-Министр Серік Ахметовтың қатысуымен өткен ведомство алқасының кеңейтілген отырысында Қазынашылық комитетіне 2013 жылы "Қазынашылық-клиент" АЖ-ін енгізуді тапсырды.

Астана. 8-ақпан. Kazakhstan Today - Қаржы министрлігінің басшысы 2013 жылы барлық мемлекеттік мекемелерде қазынашылықтың ақпараттық жүйесін енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев Премьер-Министр Серік Ахметовтың қатысуымен өткен ведомство алқасының кеңейтілген отырысында Қазынашылық комитетіне 2013 жылы "Қазынашылық-клиент" АЖ-ін енгізуді тапсырды.

"Қазынашылық комитетіне 2013 жылы "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесін енгізуді ерекше жұмыс тәртібі жоқ АЖ-не қосылу үшін техникалық жабдықтаудың сәйкес деңгейін барлық мемлекеттік мекемелерде қамтамасыз ету керек",- деді Б.Жәмішев.

Сонымен қатар, Б.Жәмішев аталған жүйені енгізуге техникалық жағдайы мүмкіндік бермейтін мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру қажет екенін атап өтті.

"Республикалық бюджет комиссиясының Төрағасы ретінде айтпағым, 2014 жылы "Қазынашылық-клиент" жүйесін енгізуге техникалық жабдықтауы мүмкіндік бермейтін барлық мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру қажеттігін және әкімдерге мемлекеттік мекемелерді жергілікті бюджеттен қаржыландыруды тапсыруды сұраймын",- деп атап өтті министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны