05.06.2014, 19:55 2912

Қаржы полициясы алкоголь өнімінің заңсыз айналымына қарсы әдіс шығарды

"Талдамалық зерттеу барысында жедел-іздестіру шаралары жүргізілді, оның нәтижесінде осы жыл мен өткен жылы 9 өндіруші өнеркәсіп заңсыз жұмыс істегені анықталды", - деді ол.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan today. Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі алкоголь өнімінің заңсыз айналымына қарсы әдіс ойлап шығарды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді.

"Алкоголь сынды зиянды заттардың айналымына ерекше көңіл бөлінеді. Ел басшлығы алкоголь өнімінің айналымына қадағалау жүргізу керектігін тапсырды. Агенттік аймақ көлемінде көлеңкелі экономиканы реттейтін әдіс ойлап шығарды", - деді М. Ахметжанов.

Ол атап өткендей, ағымдағы жылы және өткен жылы 9 өндіруші-зауыттың заңсыз қызмет істегені анықталды.

"Талдамалық зерттеу барысында жедел-іздестіру шаралары жүргізілді, оның нәтижесінде осы жыл мен өткен жылы 9 өндіруші өнеркәсіп заңсыз жұмыс істегені анықталды", - деді ол.

"Жалпы, алкоголь өнімінің заңсыз айналысына байланысты 205 қылмыс тіркелді, 27 цех сурогаттық өнім өндіретіні анықталды. Бір жарым млн жалған тіркеу-реттеу маркалары әшкереленіп, 2,5 млн тіркелмеген алкоголь өнімі анықталды", - деді М. Ахметжанов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны