18.01.2008, 18:26 2753

Қаржы полициясы Астана әуежайының есепшотынан 3 млн 391 мың теңге ұрлау жөніндегі істі тергеуде

Қаржы полициясы Астана әуежайының есепшотынан 3 млн 391 мың теңге ұрлау жөніндегі істі тергеуде

Астана. 18-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы Астананың халықаралық әуежайының есепшотынан 3 млн 391 мың теңге ұрлау жөніндегі істі тергеуде. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Астананың экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің бастығы Абзал Кәрімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Астананың халықаралық әуежайының бухгалтері 2006 - 2007 жылдар аралығында өзінің қажеттіліктері үшін 3 млн 391 мың теңге аударған", - деді Абзал Кәрімов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, үстіміздегі жылдың басында департамент қызметкерлері "ВІ-group" компаниясының аффиирленген тұлғасы болып табылатын ЖШС бірінен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге аударылған 1 млн 140 мың теңгені алмақ болған "Карпо" ЖШС директоры мен құрылтайшысын құрықтаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны