15.07.2009, 15:53 2801

Қаржы полициясы Астана мен Жамбыл облысында шекара және кеден қызметкерлерінің экономикалық контрабанда фактілерін анықтады

Қаржы полициясы Астана мен Жамбыл облысында шекара және кеден қызметкерлерінің экономикалық контрабанда фактілерін анықтады

Астана. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы Астана мен Жамбыл облысында шекара және кеден қызметкерлерінің экономикалық контрабанда фактілерін анықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қаржы полициясы органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік және кедендік шекарасын күзетуге міндетті лауазымды тұлғалар жасаған экономикалық контрабанда фактілерін анықтады",- деді М.Жұманбай.

Оның хабарлауынша, мысалы, Жамбыл облысында "Ақсу" шекаралық бекетінің ауысым бастығы шекаралық қызметтің аға лейтенантына қатысты қылмыстық іс прокурорға жіберілді. Ол қызметтік бабын пайдаланып, құны 2 млн 260 мың теңге халық тұтыну тауарларының кедендік бақылаудан жалтара отырып, Қазақстан Республикасының шекарасынан заңсыз өтуін қамтамасыз еткен.

"Астанада кедендік бақылау комитетінің тәуекелдер бөлімінің бастығы сотқа тапсырылды. Ол лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдаланып, "Такиф НС" ЖШС төменгі тәуекел санатына жатқызған. Осының арқасында аталған ЖШС басшылары экономикалық контрабанда жасап, кедендік төлемдер мен алымдар төлеуден жалтаруға мүмкіндік алған",- деді ресми өкіл.

Оған қоса, М.Жұманбайдың хабарлауынша, бұл қылмыстық іс бойынша Астана қаласының кедендік бақылау департаментінің 2 маманы сотқа тапсырылды. Олар лауазымдық уәкілеттерін теріс пайдаланып, құжаттарды жалған жасау арқылы "Такиф НС" ЖШС тарапынан болған құқық бұзушылықтарды жасырған. Соның салдарынан мемлекетке 148 млн 600 мың теңге залал келтірілген.

"Кедендік рәсімдеумен айналысатын коммерциялық ұйымдардың экономикалық контрабанда жасаған жұмысшыларын қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері бар",- деді М.Жұманбай.

"Алматы облысында кедендік бақылау департаментінің жанындағы "Кеденброк" ЖШС маманы сотқа тапсырылды. Ол 2008 жылы Қытай фирмаларының жалған мөрлері мен тауар-көлік бланкілерін қолдану арқылы "Қорғас" кедендік бекеті арқылы жалпы көлемі 110 млн 750 мың теңгенің тауарларын заңсыз өткізген",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны