25.05.2007, 13:26 2906

Қаржы полициясы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі Алматы қалалық департаментінің бастығы ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды

АЛМАТЫ. 25-мамыр. Kazakhstan Today. ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігі осы мекеменің Алматы қалалық департаментінің бастығы Владимир Курбатов ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Астана қаласындағы агенттіктің баспасөз қызметі телефон арқылы хабарлады.

"Біз "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі таратқан Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі Алматы қалалық департаментінің бастығы ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарамыз",- деп мәлімдеді баспасөз қызметіндегілер. "Владимир Курбатов қазір өзінің жұмыс орнында отыр",- деп хабарлайды қаржы полициясы.

Кеше "Интерфакс-Қазақстан" ақпараттық агенттігі құқық қорғау мекемелеріндегі ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігінің Алматы қалалық департаментінің бастығы Владимир Курбатов ұсталды деген хабарламаны таратқан болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны