10.06.2010, 15:16 3000

Қаржы полициясы ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің бастығының үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Қаржы полициясы ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің бастығының үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Астана. 10-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанның Қаржы полициясы ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің бастығы Серік Сүлейменовтың үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында мекеменің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Үстіміздегі жылдың 2-маусымында Сүлейменовтың үстінен қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланып, Қашыр нанқабылдау кәсіпорынына заңсыз уақытша басқару жүргізу және кәсіпорынға 16,7 млн теңге көлемінде шығын әкелуіне байланысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды",- деп мәлім етті М. Жұманбай.

Бұрын "Время" газетіне сілтеме жасай отырып хабарлағанымыздай, Қаржы полициясының қызметкеріне пара беруге талпыныс жасағаны үшін 23-мамырда ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің жоғары лауазымды шенеунігі Серік Сүлейменов ұсталған болатын.

"Агенттік ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі АӨК мемлекеттік инспекциялау комитеті төрағасы Серік Сүлейменовке қатысты тексеру жүргізуде. Ол қызмет бабын пайдалану арқылы Павлодар облысындағы Қашыр нан қабылдау кәсіпорнында үш мәрте заңсыз уақытша басқару енгізген. Соның салдарынан "Зерновой интервенционный пул" ЖШС-іне тиесілі құны 68,2 млн теңге тұратын 5200 тонна астық бүлініп, құны 168 млн теңге тұратын 7 мың тонна астық талан-таражға салынған", - деді М. Жұманбай.

Оның айтуынша, "15 мамырда С. Сүлейменов осы деректерді тексеріп жатқан қаржы полициясының қызметкеріне өзін қылмыстық жауапкершіліктен құтқарып қалуы үшін ақшалай сыйақы ұсынған. Ал 22 мамырда ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің шенеунігі қаржы полициясының офицеріне 50 мың АҚШ долларын беріп жатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды. Сол күні Сүлейменовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды", - делінген мақалада.

Сондай-ақ, басылымның хабарлауынша, "оның жұмыс бөлмесіндегі тінту кезінде оның жеке сейфінен 123,4 мың АҚШ доллары мен 5,4 млн теңге табылған. Пара ретінде берілген қағаз ақшалардың сериялық нөмірлері осы тінту кезінде тәркіленген ақшалардың сериясының жалғасы болып табылады. 23 мамырда сот санкциясымен С. Сүлейменов тұтқындалды".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны