25.01.2008, 15:25 1409

Қаржы полициясының бастығы "Болашақ" стипендиясын тағайындау комиссиясының жауапкершілігі туралы И. Бралиевтің қарсы дәлелдерін жоққа шығаруда

Қаржы полициясының бастығы "Болашақ" стипендиясын тағайындау комиссиясының жауапкершілігі туралы И. Бралиевтің қарсы дәлелдерін жоққа шығаруда

Астана. 25-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің төрағасы Сарыбай Қалмырзаев бағдарлама талаптарына сай емес қырық үміткерге "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарғаны үшін жауапкершілік шетелде мамандар дайындау жөніндегі республикалық комиссияға жүктелуге тиіс деген И. Бралиевті қорғау дәлелдерін жоққа шығарды. Бұл туралы ол бүгін Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің алқа отырысының үзілісінде өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Оның адвокаттарының қазір айтып отырғандары қорғаудың осындай әдісі. Ол тиісті құжаттарды дайындау кезінде (комиссия үшін - агенттік ескертпесі) бағдарламаға кіруге тиіс адамдарды тізімнен шығарып, осы қырық адамды қосып, құжаттарын комиссияға апарған",- деді С. Қалмырзаев.

"Ал сөйтсе де И. Бралиев соңғы шешімді комиссияның формалды түрде қабылдағандығын айтуда, бұл жерде оның айтқаны бір жағынан жөн. Бірақ оның құжаттарды комиссия қарап, мақұлдағандай етіп дайындағандығын ескеру қажет",- деп қосты қаржы полициясының бастығы.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ол "комиссия мүшелерінің іс-әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарының белгісі қарастылымайтындығын, тек олардың өз функцияларын жүрді-барды орындағандығын" атап көрсетті. "Өкінішке орай, біздің кез-келген қоғамдық комиссияларымыз өздерінің отырыстарын осылай өткізеді: оларға тек үміткерлердің аты-жөндерінің тізімі ғана беріледі, ал тізімге қосымша құжаттар (үміткердің бағасы, әңгімелесудің нәтижесі) олардың қолында жоқ",- деп түсіндіріп өтті С. Қалмырзаев. "Егер оларда мұндай құжаттар болған жағдайда, олардың іс-әрекеттерінен сыбайлас жемқорлық қылмыстарының белгілерін қарастыруға болар еді, ал дәл осы жағдайда олардың қоғамдық міндеттерін орындауға атүсті қарағанын ғана айта аламыз",- деген сенімде ол.

Сонымен қатар агенттік төрағасының хабарлауынша, Білім және ғылым министрлігі президенттің "Болашақ" стипендиясын алуға құқығы жоқ, бірақ сол тағайындалған қырық үміткерді оқыту мен олардың өмір сүруіне жұмсалған ақшаны қайтару процедурасына кіріскен. "Біздің ұстанымымыз - бұл адамдар шетелде оқуды бастаған екен, оқуларын одан әрі жалғастыра берсін - бірақ өз қаржылары есебінен. Бірақ мемлекеттің өздерін оқытуға жұмсаған қаржысын қайтаруға тиіс",- деп атап көрсетті ол.

"Ал "Болашақ" бағдарламасына сай емес қырық адамның шетелге баруына мүмкіндік берген құжаттар әзірлеген адамдар қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс",- деп қосты ол. Агенттік төрағасы "И. Бралиевқа қатысты мәселе бір кездері тоқтатылғандығын" еске сала кетті. "Бірақ ол тағы да жазаға тартылуға тиіс деп біз талап етіп жатырмыз",- деп атап көрсетті С. Қалмырзаев.

"Ал сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған шенеуніктің мемлекеттік қызметте қалатын құқығы бар ма деген мәселеге келетін болсақ, онда сіздер бұл сұраққа өздеріңіз жауап бердіңіздер",- деп қорытындылады өз сөзін мұндай шенеунік лауазымынан тергеу кезінде босатылуы қажет екендігін түсіндіре келе.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны