21.05.2008, 10:44 1193

Қаржы полициясының қызметкерлері "Антикоррупционный вестник" республикалық құқықтық газетінің бас директорын қамауға алды

Қаржы полициясының қызметкерлері "Антикоррупционный вестник" республикалық құқықтық газетінің бас директорын қамауға алды

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясының қызметкерлері "Антикоррупционный вестник" республикалық құқықтық газетінің бас директорын қамауға алды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"17 мамырда агенттік қызметкерлері сот органдарының қызметкерлерінің атына кір келтіретін материалдарды беруі үшін қаржы полициясының жауапты қызметкеріне жалпы көлемі 1600 АҚШ доллары мен 50 мың теңге беріп жатқан кезде "Антикоррупционный вестник" республикалық құқықтық газетінің бас директоры Тоқберген Ибиев қамауға алынды", - деп хабарлайды қаржы полициясы.

"Бұл оқиға бойынша сол күні тергеу департаменті Т. Ибиевке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 312 бабы 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Сол күні ол Астана қалалық ІІД уақытша тергеу изоляторына қамалды", - деп атап көрсетті агенттік.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны