09.03.2016, 14:57 3556

Қасым-Жомарт Тоқаев КХДР-дыӊ ядролық қарулануына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Парламенті Сенатыныӊ төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында КХДР-дыӊ ядролық қарулануы төӊірегіндегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Астана. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Парламенті Сенатыныӊ төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында КХДР-дыӊ ядролық қарулануы төӊірегіндегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Солтүстік Кореяныӊ ядролық қарулануы халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Режімге қарсы БҰҰ-ныӊ мақсатты санкциялары керек, бірақ тұрғындарға зардабын тигізбеуі қажет", - деді Қ.Тоқаев, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Израильдегі лаӊкестіктер - халықаралық лаӊкестіктіӊ жаӊа көрінісі. Онымен күресу үшін жаһандық коалиция құру қажет", - деп жазды Сенат спикері.

Естеріӊізге сала кетейік, КХДР басшысы Ким Чен Ын баллистикалық зымырандарды жарақтандыру үшін ядролық зарядтар массасы төмендетілгенін мәлімдеген болатын. Оныӊ айтуынша, бұл қадам - "алдын алу әрекеті".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны