16.06.2015, 20:15 3472

"Каспий теӊізі - 2015" байқауына қатысу үшін Қазақстан Искери-теӊіз күштерінен негізгі корабль айқындалды

ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ "Орал" және "Сарыарқа" зымыран-артиллериялық корабльдері ҚР ҚК ИТК Бас штабыныӊ бастығы полковник Қайыргелді Есенеевтіӊ басшылық етуімен бекітілген даярлық жоспарын пысықтау үшін теӊізге шықты

Астана. 16 Маусым. Kazakhstan Today - ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ "Орал" және "Сарыарқа" зымыран-артиллериялық корабльдері ҚР ҚК ИТК Бас штабыныӊ бастығы полковник Қайыргелді Есенеевтіӊ басшылық етуімен бекітілген даярлық жоспарын пысықтау үшін теӊізге шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Теӊізге шығу кезінде "Каспий теӊізі - 2015" (теӊіз биатлоны) халықаралық сайыстарына қатысу үшін негізгі және қосалқы корабль анықталды. Жорық қорытындысы бойынша ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ қолбасшылығымен байқауға қатысу үшін негізгі корабль болып "Сарыарқа" зымыран-артиллериялық кораблі белгіленсе (корабль командирі - капитан-лейтенант Рустам Жүнісов), "Орал" кораблі (корабль командирі - капитан-лейтенант Қайрат Шаршанқұлов) резервтік деп айқындалды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қазақстандық зымыран-артиллериялық корабльдердіӊ экипаждары "Каспий теӊізі - 2015" теӊіз биатлонына дайындалып жатқанын еске салайық. Искери теӊізшілер жаӊа және навигациялық қауіп-қатер маӊында жүзуді пысықтайды, 30-40 метрге кемені зәкірге қоюды, МСС-65 белгілерініӊ халықаралық жинағына сәйкес жарықтық және жалаушалы семаформен белгілерді беру және алуды, сондай-ақ суға құтқарушыны жіберу әдісімен борттыӊ ар жағында қалған адамды құтқаруды іс жүзінде орындайды.

"Каспий теӊізі - 2015" - бұл каспий маӊы елдері Искери-теӊіз күштерініӊ алғашқы сайысы. Ол осы жазда Каспий теӊізі айдынында өтетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны