25.06.2015, 12:48 3142

Каспий теӊізініӊ су биологиялық ресурстарын ұтымды пайдалану туралы келісім бекітілді

Бүгін Парламент Сенатыныӊ жалпы отырысында "Каспий теӊізініӊ су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы" заӊ жобасы қабылданды

Астана. 25 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Сенатыныӊ жалпы отырысында "Каспий теӊізініӊ су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы" заӊ жобасы қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2010 жылы Баку қаласында өткен Каспий жағалауы Мемлекет басшыларыныӊ үшінші Каспий саммитініӊ қорытындысы бойынша осы келісімге Үкіметаралық деӊгейде қол қою туралы тапсырма жүктелген болатын. Сонымен бірге, үшінші саммит барысында Елбасымыз Каспий теӊізінде бекіре балықтарыныӊ түрлерін аулауға бес жыл мерзімге мораторий енгізуге бастамашылық жасап, ол бастама Каспий жағалауы елдері басшыларыныӊ қолдауын тапты. Көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында 2014 жылғы 29 қыркүйекте Астрахань қаласында өткен төртінші Каспий саммитінде аталмыш құжатқа қол қойылды",-деді Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Министр атап өткендей, келісімніӊ мақсаты - Каспий теӊізініӊ су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану. Келісімде тараптардыӊ ынтымақтастық жасауда ұстанатын қағидаттары айқындалған. Сенат аталмыш құжатты бірауыздан қабылдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны