17.10.2018, 18:25 5498

Қазақ әдебиеті антологиясыныӊ орыс тіліндегі нұсқасын Мәскеу мемлекеттік университеті шығарады

Бүгінгі таӊда жобаныӊ барлық басты серіктестерімен келіссөздер аяқталып келеді. Мысалы, басылымныӊ ағылшын тіліндегі нұсқасын әзірлеуге Кэмбридж университетініӊ баспасы, испан тіліндегісіне - Испанияныӊ мәдениет министрлігі және Сервантес институты, француз тіліндегісіне - Париж мэриясы мен Францияныӊ Ұлттық кітап орталығы қатысады. Ал қытай тіліндегі нұсқасы даярлауға ҚХР Ұлттар баспасы атсалысады.

Астана. 17 қазан. Kazakhstan Today - 16 қазанда Мәскеуде "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлттық комиссия мен "Жаһандану әлеміндегі заманауи қазақстандық мәдениет" жобасыныӊ ресейлік серіктесі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Нақтырақ айтсақ, "Қазіргі қазақ прозасыныӊ антологиясы" мен "Қазіргі қазақ поэзиясыныӊ антологиясын" орыс тіліне аударып, басып шығаруға М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетініӊ баспа үйі, сондай-ақ Ресей Жазушылар одағыныӊ Мәскеу қалалық ұйымы атсалысады.

Қазіргі заманғы қазақ әдебиетініӊ үздік үлгілері жинағын БҰҰ-ныӊ 6 тіліне аудару Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ бастамасымен қолға алынған "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқаны мәлім. Бағдарламаныӊ маӊызды бағыттарыныӊ бірі - "Жаһандану әлеміндегі заманауи қазақстандық мәдениет". Оныӊ мақсаты - заманауи қазақ әдебиетініӊ, музыкасы мен бейнелеу өнерініӊ жауһарларын, кино мен театр, хореография саласыныӊ тәуелсіздік жылдарындағы табыстарын дүние жүзіне таныстыру.

Меморандумға қол қою рәсімі Қазақстанныӊ Ресейдегі елшілігінде, Қазақстан Республикасыныӊ Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі И.Н.Тасмағамбетов пен "Ұлттық аударма бюросыныӊ" директоры Р. Кенжеханұлыныӊ қатысуымен өтті. Қазақстан тарапынан меморандумға "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ұлттық комиссияныӊ хатшысы Аида Балаева қол қойды. Рәсім барысында А.Балаева:

-Қазақстанныӊ бұрыннан сенімді серіктігі, әріптесі Мәскеу мемлекеттік университеті мен Ресей жазушылар қауымыныӊ орталық аймақтағы ірі ұйымыныӊ мол тәжірибесі мен жоғары беделініӊ арқасында жобамыздыӊ сәтті жүзеге асатынына, яғни қазақ әдебиетініӊ орыс тіліне аудармасыныӊ сапасы жоғары болатынына әрі басылым орыстілді кеӊістікте кеӊ таралатынына сенімдімін, - деп жылы лебізін білдірді.

Өз кезегінде Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы баспа үйініӊ директоры Александр Веракса университет баспасы жобаныӊ сәтті жүзеге асуына оқу орныныӊ талай жылғы тәжірибесіне арқа сүйеп бар күштерін салатынын жеткізді. Ал, Ресей Жазушылар одағы Мәскеу қалалық ұйымыныӊ төрағасы Владимир Бояринов аударманы антологияға дайындау барысы Қазақстан мен Ресей қаламгерлері арасына алтын арқау болып, өзара мәдени ықпалдастыққа оӊ әсерін тигезетініне үміті зор екенін айтты.

Меморандумда көрсетілген ынтымақтастық аясында Ресей Жазушылар одағыныӊ Мәскеу қалалық ұйымы әдеби жинақтарға сұрыпталған шығармалардыӊ көркем аудармасымен және оны редакциялаумен айналысады. Ал, Мәскеу мемлекеттік университетініӊ баспа үйі антологияны басып шығаруды, сондай-ақ оныӊ орыстілді оқырмандарға таратуды, насихаттауды ұйымдастырады.

Жоба туралы аз-кем мәлімет:

Қазіргі заманғы қазақ әдебиетініӊ жауһарларын БҰҰ-ныӊ 6-тіліне (ағылшын, араб, испан, қытай, орыс, француз тілдері) аудару "Жаһандану әлеміндегі қазақстандық мәдениет" жобасы аясында қолға алынып отыр. Жоба, өз кезегінде, Қазақстан Президенті Н.И.Назарбаев бастамашы болған "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ ауқымды бағыттарыныӊ бірі саналады.

Жобаныӊ мақсаты - дүние жүзіне әдебиет, музыка, бейнелеу өнері, хореография, кино және театр салаларындағы тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерімізді таныстырып, мейлінше кеӊ насихаттау. Қазіргі қазақ әдебиетініӊ қос антологиясын даярлау бойынша ұйымдастыру жұмыстары әлдеқашан басталып кетті. Олардыӊ біреуі - "Қазіргі қазақ прозасыныӊ антологиясы", екіншісі - "Қазіргі қазақ поэзиясыныӊ антологиясы" деп аталады. Ир антологияныӊ көлемі - шамамен 600 бет. Ирқайсысына 30 автордан енеді. Антологияныӊ мазмұны мен құрылымы Қазақстан Жазушылар Одағында өткен арнайы мәжілісте бекітілген.

Бүгінгі таӊда жобаныӊ барлық басты серіктестерімен келіссөздер аяқталып келеді. Мысалы, басылымныӊ ағылшын тіліндегі нұсқасын әзірлеуге Кэмбридж университетініӊ баспасы, испан тіліндегісіне - Испанияныӊ мәдениет министрлігі және Сервантес институты, француз тіліндегісіне - Париж мэриясы мен Францияныӊ Ұлттық кітап орталығы қатысады. Ал қытай тіліндегі нұсқасы даярлауға ҚХР Ұлттар баспасы атсалысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны