27.05.2014, 22:43 2891

Қазақ фильмдерін көрушілер саны соңғы 5 жылда 400 есеге көбейді - А. Мұхамедиұлы

Соңғы 5 жылда қазақ фильмдерін көрушілер саны 400 есеге көбейді, деп Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

Алматы. 27 мамыр. Kazakhstan today. Соңғы 5 жылда қазақ фильмдерін көрушілер саны 400 есеге көбейді, деп Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

"Мен соңғы 5 жыл ішінде қазақ фильмдерін көрушілер саны 400 есеге көбейгендігін мақтанышпен айта аламын. Бұл біздің өнерімізге қызығушылық танытушылардың артқандығын көрсетеді", - деді А. Мұхамедиұлы.

Мәдениет министрі қазақстандық жас режиссерлер халықаралық фестивальдерде көзге түсіп жүргендерін атап өтті.

"Бұл көрсеткіш отандық фильмдерге қызығушылық күн санап өсіп жатқандығын айқындайды", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны