25.02.2011, 17:08 4526

Қазақалтын Степногорск қаласының тұрғынына миллионға жуық теңге төледі

"Қазақалтын" Тау-кен металлургиялық концерні" АҚ Степногорск қаласының тұрғынына миллионға жуық теңге төледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 25 - ақпан. Kazakhstan Today - "Қазақалтын" Тау-кен металлургиялық концерні" АҚ Степногорск қаласының тұрғынына миллионға жуық теңге төледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыстық прокуратураның ақпараттарына сүйенсек, Степногорск қаласының тұрғыны С. Алпысбаев "Қазақалтын" Тау-кен металлургиялық концерні" АҚ-нан 934 688 тенге көлеміндегі жалақысын өндіріп беру туралы сот шешімінің орындалмағандығы туралы шағымданған.

Тексеру барысында сот атқарушылары "Қазақалтын" Тау-кен металлургиялық концерні" АҚ сот шешіміне қарсы шағымдануына байланысты сот шешімін орындау өндірісі заңсыз тоқтатылғандығы белгілі болған.

Степногорск қаласының прокурорының араласуымен атқару өндірісі қайта жанданып, нәтижесінде С. Алпысбаевқа 934 688 тенге көлеміндегі жалақысы өндіріліп берілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны