10.04.2014, 19:32 3124

"Қазақстан - 2050" Стратегиясын жүзеге асыру мәселелері Берлин Еуразиялық Клубының отырысында талқыланды

Берлинде "Қазақстан - 2050" Стратегиясын жүзеге асыру мәселелеріне қатысты Берлин Еуразиялық Клубының отырысы өтті.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan today. Берлинде "Қазақстан - 2050" Стратегиясын жүзеге асыру мәселелеріне қатысты Берлин Еуразиялық Клубының отырысы өтті.

Отырысқа Германия мен Еуропа қоғамдық-саяси, іскерлік және сарапшылар топтарының көрнекті өкілдері қатысты. Атап айтқанда, ГФР Бундестаг депутаты Кристоф Бергнер, Орталық және Шығыс Еуропа елдерімен экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Ассоциациясының төрайымы Уте Кохловски-Каджайя, Funke-Group Kazakhstan компаниясының басшысы Петер Кох, Дрездендегі Техникалық университетінің профессоры Маттиас Крамер, неміс институттары мен компанияларының жетекшілері, басқа да ғылыми-зерттеу ұйымдардың сарапшылары. Қазақстандық тараптан ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директоры Сағындық Нұраханов, Илемдік экономика және саясат институтының директоры Серік Ақымбеков сөз сөйледі, деп ҚР Сыртқы істер министрлігінде хабарлады.

Клуб отырысы барысында ашық және қызу пікір алмасулар орын алды, Қазақстан және Германия саясаткерлері мен сарапшылары Мемлекет басшысы алға қойған мақсаттарға сәйкес қазіргі Қазақстанның даму үдерістері және т.б. тақырыптар бойынша өздерінің ойларымен бөлісті. Осы орайда ҚР мен ГФР арасында сауда және инвестициялар, білім және ғылым, мәдениет салаларындағы серіктестікті нығайту жолдарына үлкен назар аударылды.

Берлиндік БЕК кездесуіне қатысқандардың жалпы пікірлері бойынша, "Қазақстан-2050" Стратегиясында көрсетілген мақсаттар мен басымдылықтар арқасында республикамызда әлемнің отыз дамыған елдерінің қатарына енуге толық мүмкіндіктер бар. Табиғи және адам ресурстарына бай Қазақстан дамудың жаңа деңгейіне көтерілуге, Германия сияқты дамыған мемлекеттермен диалогты және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны