18.04.2008, 19:26 2956

Қазақстан араб бизнесмендерінің біздің елімізде ірі жобаларды инвестициялауға ұмтылысын қолдауға әзір

Қазақстан араб бизнесмендерінің біздің елімізде ірі жобаларды инвестициялауға ұмтылысын қолдауға әзір

Астана. 18 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан араб бизнесмендерінің біздің елімізде ірі жобаларды инвестициялауға ұмтылысын қолдауға әзір. Бұл туралы

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін Біріккен Араб Имірліктерінің (БАИ) президент істері жөніндегі министрі шейх Мансұр бен Заид Ил Нахаянмен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кездесуде Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылдың соңында БАИ-не сапары және 2008 жылғы ақпанда ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов бастаған қазақстандық делегацияның жұмыс сапары барысында қол жеткізілген келісімдер аясында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды",- делінген хабарламада.

Тараптар Қазақстан мен Біріккен Араб Имірліктері қысқа мерзім ішінде екі жақты экономикалық ынтымақтастықты айтарлықтай алға жылжытқанын атап өтті.

К. Мәсімов Қазақстанның сыртқы саяси бастамасын қолдағаны және бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруда Қазақстанға көрсеткен қолдауы үшін Имірліктің басшылығына алғысын жеткізді.

Үкімет басшысы БАИ-нің бизнесмендерінің біздің елімізде ірі жобаларды инвестициялауға ұмтылысын қолдауға әзір екенін айтты және Қазақстан мен Имірлік арасындағы Қазақстан-Имірлік Іскерлік кеңесін құру туралы меморандумға қол қойылуын қанағаттанарлықпен атап өтті.

"Қазақстан-Имірлік Іскерлік кеңесінің қызметі, сөз жоқ, екі елдің бизнес-әріптестігін қалыптастыруға және экономикалық мүдделерді нақтылауға ықпал етеді",- деді К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны