25.12.2009, 13:07 2970

Қазақстан армиясында баспанаға мұқтаж 8 мыңдай әскери бар

Қазақстан армиясында баспанаға мұқтаж 8 мыңдай әскери бар

Алматы. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан армиясында баспанаға мұқтаж 8 мыңдай әскери бар. Бұл туралы Бас әскери прокурор Ерғали Мырзадинов онлайн-конференция барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 2009 жылдың 1 қарашасындағы жағдаймен баспанаға мұқтаж жандардың жалпы саны 8 мың адамнан асады", - деді Е. Мырзадинов.

Бас әскери прокурордың мәліметінше, 2009 жылдың қаңтар айында Астана қалалық Соттар әкімшілігі мен ҚР Жоғарғы сотының жанындағы сот әкімшілігі комитетінің өндірісінде 20 және одан артық жыл қызмет атқарып, жұмыстан шығарылған әскерилерге үй беру жөніндегі 64 атқару өндірісі болған. Қазір оның 32 шешімі орындалды.

Бас әскери прокуратура 2008 жылдың 9 желтоқсанында ҚР қорғаныс министрінің атына соттардың шешімдерін тез арада орындауға шара қолдану талабымен заң бұзушылықты доғару туралы таныстыру енгізілген.

"Таныстыруды қарау нәтижесі бойынша 2008 жылдың 13 желтоқсанында Қорғаныс министрлігі Алматы, Қарағанды және Қапшағай қалаларында пәтерлер сатып алды. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігіне аталған санаттағы әскерилерге баспана сатып алуға қаржы бөлінген, оған қазір үйлер сатып алуныда. Бұл пәтерлер соттардың шешімдерін орындау үшін және ҚР Қарулы күштерінің қызметтік баспанасын алу үшін кезекте тұрған әскерилер үшін сатып алынады", - деді Е. Мырзадинов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны