28.11.2012, 21:50 3130

Қазақстан азаматтарының электрондық өтінімдері жедел қаралады

Бас прокуратураның Өтініштерді қарау және іс қағаздарын жүргізу туралы заңдардың қолданылуын қадағалау басқармасының бастығы Ләззат Жанысованың айтуынша, бүгінде www.115.kz веб-порталы жұмыс істейді және осы желі арқылы түрлі мәселелер бойынша ел азаматтарының өтінімдері қабылданады. Қызметті пайдалану үшін ХҚКО-да берілетін электрондық сандық қолтаңба қажеттілік етеді. Сайтта тіркелгеннен кейін азаматтар өзінің өтінімдерін жібере алады.

Астана. 28-қараша. Kazakhstan Today - Бас прокуратура Қазақстан азаматтарын электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану айтарлықтай ыңғайлы екенін хабарлап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, азаматтардың Интернет арқылы жіберген өтінімдері де жедел қаралады екен.

Бас прокуратураның Өтініштерді қарау және іс қағаздарын жүргізу туралы заңдардың қолданылуын қадағалау басқармасының бастығы Ләззат Жанысованың айтуынша, бүгінде www.115.kz веб-порталы жұмыс істейді және осы желі арқылы түрлі мәселелер бойынша ел азаматтарының өтінімдері қабылданады. Қызметті пайдалану үшін ХҚКО-да берілетін электрондық сандық қолтаңба қажеттілік етеді. Сайтта тіркелгеннен кейін азаматтар өзінің өтінімдерін жібере алады.

"Бұл өз кезегінде азаматтарға және бізге де қолайлы. Осындай өтінімдер прокурорға жылдам жетеді, сонымен қатар жауап қайтарудың үдерісі де жылдамдайды",-дейді Л. Жанысова.

Бұдан бөлек, Интернетке шығу мүкіндігі болмаса, 115 ақысыз нөмірі арқылы хабарласуға болады. Атап айтқанда, осы желімен түскен мәлімет те арнайы деректер банкінде тіркеледі.

Мұнымен қоса қазақстандықтарға Бас прокуратураның басшылығына онлайн-режимдегі бейне конференциялық байланыс арқылы шығуға болады екен. Ол үшін азамат жергілікті прокуратура органына барып, осындай байланысқа шыға алады.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, соңғы 5 жылдың ішінде прокуратура органдарына келіп түскен өтініштер саны 25 пайызға өскен. Ағымдағы жылдың 10 айында олар 217 мыңға жеткен. Соның ішінде Бас прокуратураға 28 111 өтініш немесе 13 пайызы келіп түскен.

Олардың 41 пайызы қылмыстық қудалау органдарының актілері мен әрекеттеріне қатысты, 29 пайызы мемлекеттік органдар мен мекемелердің актілері мен әрекеттеріне қатысты болған. Сот актілерінің заңдылығы және оларды орындауға қатысты өтініштердің үлесі 22 пайызды құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны