16.05.2018, 23:52 3844

Қазақстан басқа елдердіӊ құрылыс конструкцияларын сынай алады

"Ғылыми-зерттеу зертханасы жаӊғыртылғаннан кейін, біз жаӊа құрылыс материалдары мен конструкцияларын еурокодтардыӊ талаптарын есепке ала отырып, тексере аламыз. ҚазҚСҒЗИ-ныӊ сейсмикаға төзімді құрылыс саласында 87 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, сондықтан бізге Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдері серіктестік туралы ұсыныс білдірген", - деді "ҚазҚСҒЗИ" АҚ бас директоры Бегман Кульбаев.

Алматы. 16 мамыр Kazakhstan Today - "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" акционерлік қоғамы ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) аккредиттелген ғылыми-зерттеу зертханасын (ОҒЗЗ) халықаралық стандарттарға сәйкес жаӊғыртуды бастады.

ОҒЗЗ ауқымды реконструкциялаудыӊ шеӊберінде құрылыс конструкцияларын сынауға арналған еӊ жаӊа құрылғыны сатып алу жүргізіліп жатыр, сондай-ақ өндірістік базаныӊ реконструкциясын жүргізу жоспарланып отыр.

2020 жылдан бастап Қазақстан құрылыс конструкцияларыныӊ беріктігіне қойылатын талаптарды бірнеше есе ұлғайтатын құрылыстыӊ және жобалаудыӊ еуропалық стандарттарына (еурокодтарға) өтеді.

"Сейсмикалық аумақтардағы құрылыс" ҚР ЕЖ нормаларыныӊ талаптарына сәйкес, ғимараттар мен құрылыстардыӊ барлық жаӊа конструктивтік шешімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасыныӊ аумағына кіргізілетін жаӊа материалдар мен конструкциялар, оларды құрылыста пайдаланғанға дейін, сейсмикаға төзімділікке эксперименталдық тексеруден өтуі керек. Қазіргі уақытта жаӊа құрылыс материалдары мен конструкцияларды тексеру ҚазҚСҒЗИ ОҒЗЗ-да жүргізіледі.

"Ғылыми-зерттеу зертханасы жаӊғыртылғаннан кейін, біз жаӊа құрылыс материалдары мен конструкцияларын еурокодтардыӊ талаптарын есепке ала отырып, тексере аламыз. ҚазҚСҒЗИ-ныӊ сейсмикаға төзімді құрылыс саласында 87 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, сондықтан бізге Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдері серіктестік туралы ұсыныс білдірген", - деді "ҚазҚСҒЗИ" АҚ бас директоры Бегман Кульбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны